Балаларға жадынама
🔇«Зорлық-зомбылықтың құрбаны болмауы үшін не істеу керек»
🔉Ол үшін «БОЛМАЙДЫ» деген бес қағиданы үнемі білуі қажет:
🔉Бейтаныс адамдармен сөйлеспе және оларды үйге кіргізбе.
🔉Олармен бірге лифтіге және кіреберіске кірме.
🔉Бейтаныс адамның көлігіне отырма.
🔉Мектептен кейін көшеде кідіріп қалма. Әрқашан қайда, кіммен және қай бағытпен үйге қайтатыныңды ата-анаңа ескерт.
🔉Интернет желісінде бейтаныс адамдардың хабарламаларына жауап берме және хабарлама жіберме. Егер бейтаныс адам тіл тигізетін хабарлама жазса дереу ата-анаңа айт.
🔉Әрқашан «ЖОҚ» деп жауап бер:
🔉Егер сені тіпті көршілер болсада қонаққа шақырса кіруге немесе үйге жеткізіп салуды ұсынса;
🔉Егер бейтаныс адам қатты қызығатындай бір нәрсе ұсынса немесе бір жаққа шақырса, Үйге келгенде міндетті түрде ол адам туралы үлкендерге айту керек.
🔉Егер сенен көшені қалай табуға болатындығын сұраса қалай баруға болатындығын түсіндір, бірақ ешқашанда шығарып салма. Саған үйге бару керектігін түсіндір.
🔉Егер бейтаныс адам сені аңдып жүрсе, сен үйіңе келгендей, туысыңды терезеден көріп тұрғандай қолыңды бұлғап шақырған кейіп таныт.
🔉Егер қолыңнан келсе тиіскен адамды біраз уақыт қаша тастырып, көңілін аударту үшін бетіне бір нәрсе лақтыр (мысалы: портфель, аяқ киім салынған сөмке немесе жайғана біруы сұсақ-түйек). Адамдар көп жерге қарайқаш.
🔉Егер көлікке зорлықпен отырғызып жатса, өтіп бара жатқан адамдардың көңілін өзіңе аударту үшін «Бұл менің әкем (анам) емес», «Мені шақырып жатыр!»деп қатты дауыстап айқайла.
🔉Қауіпсіз жерде болғанда дереу полицияға хабарласып, не болғанын айт, нақты мекен жайды, сондай-ақ тиіскен адамның белгілерін және кеткен бағытын айт.
23 жылғы 12 маусым- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ