13.11.2025
Мұғалім – бұл балалардың жүрегіне білімге деген сүйіспеншілікті ұялатып, олардың өз күшіне сенуіне және әр күннен жаңа мүмкіндік көруге көмектесетін тұлға.
Осындай ұлағатты ұстаз –Сексембаева Гульбану Балабековна , 35 жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар физика және информатика пәндерінің мұғалімі. Ол өз өмірін жас ұрпақты тәрбиелеуге және білім беруге арнаған.
Ұзақ жылғы еңбек жолында Гульбану Балабековна оқушылары үшін тек ұстаз ғана емес, ғылым мен технологияның ғажайып әлеміне жол көрсетуші тұлғаға айналды. Оның сабақтары әрдайым жігер мен қызығушылыққа толы, нақты мысалдарға негізделген. Ол қатаң физикалық заңдылықтарды шығармашылық көзқараспен ұштастырып, логикалық ойлау мен қиялды дамыта біледі, ал информатиканы – заманауи әлемнің кілті ретінде үйретеді.
Гульбану Балабековнаның кәсіби шеберлігі мен еңбегіне адалдығы оқушылар мен әріптестері тарапынан ғана емес, көптеген марапаттар арқылы да лайықты бағаланған.
2025 жылы ол «Үздік педагог» байқауына қатысып, республикалық деңгейге дейін жетіп, облыстық «Үздік педагог» атағының иегері атанып, 1179 600 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.
Бұл марапат — Сексембаева Гульбану Балабековнаның кәсіби шеберлігінің, өз ісіне деген адалдығының, үздіксіз ізденісі мен уақыт талабына сай болуға ұмтылысының жарқын нәтижесі.
23 жылғы 12 маусым- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ