Жарқайын ауданы тұрғындарының назарына!
"Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық" акциясына қатысыңыз!
«Мектепке жол» Республикалық акциясы өткізілетінін хабарлайды.
Республикалық акцияның мақсаты - аз қамтылған, көп балалы отбасындағы балалар және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық көмек көрсету болып табылады.
Аталған акция Министрліктің бастамасымен «Мектепке жол - Шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізілуде.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Осыған орай, ауданымыздың барлық азаматтарын, бизнес-құрылымдарын, үкіметтік емес ұйымдарды және жеке кәсіпкерлерді, мемлекеттік органдарды аталған акцияға, жоғарыда көрсетілген санаттағы отбасы мен балаларға көмек көрсетуге шақырамыз!
https://www.instagram.com/reel/C-m1CM6sxT6/?igsh=MTFkM2l2ZHZ4bmc2aA==
23 жылғы 12 маусым- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ