Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелеріне түсу үшін біліктілік емтихандарының бір түрі.
Қазақстанда маусым айында ҰБТ тапсырған және өту балын жинаған талапкерлерден мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтінімдер қабылданды.
Университеттердің виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс жасады: мамандар видео байланыс арқылы талапкерлерден кеңес алып, оларға қажетті білім бағдарламасын таңдауға көмектесті.
Жоғары оқу орындарына түсуге үміткерлердің қызығы мен тәжірибесінің артында.
Оқуға түсу нәтижелері туралы ақпарат ақпараттық сайттарға орналастыру арқылы талапкерлердің назарына жеткізіледі.
Міне ... көптен күткен нәтиже:
Сайдалин Тамерлан «Аударма ісі» мамандығы үшін мемлекеттік грантқа ие болды (Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті),
Баймулдинова Арайлым - биологиялық және сабақтас ғылымдар (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті).
Маржина Кристина - қоршаған орта (А. Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университеті).
Біз студенттерімізді мақтан тұтамыз! Жарайсыңдар балалар! Бәрекелді! Сәттілік тілейміз!!!
23 жылғы 12 маусым- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ