Текст
Басшының сапары
2024 жылдың 17 сәуірінде Ақмола облысының білім басқармасының басшысы Оразалин Шокан Жетписбаевич, Н.Островский атындағы мектеп ұжымына жұмыс сапарымен келді. Білім басқармасының басшысы білім ошағындағы жүйелі жағдайды жеке бағалауды жөн көрді. Әсіресе, Шокан Жетписбаевич оқу кабинеттерінің, асхананың, спорт залының, кітапхананың жабдықталуына қызығушылық танытты. Бірнеше сыныптарды аралап, балалардың қалай оқитынын көріп, тіпті кейбір оқушылармен диалог құрды. Сонымен қатар мектеп жанындағы шағын орталықта да болды. Білім басқармасының басшысы оқушылармен және мектеп ұстаздарымен әңгімелесіп ұсыныстар мен тапсырмалар беріп, оқуларына сәттілік тіледі.
23 жылғы 12 маусым- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ