8 ақпан күні мектеп кітапханасында Қазыбек бидің 355 жылдығына арналған ақпараттық сағат өтті.
XVII-XVIII ғасырлар тоғысында бірнеше қазақ хандары тұсында Қазыбек би мемлекеттік басқару ісіне белсене араласты, бұған сөзді меңгеру ғана емес, жоғары эрудиция, таңғажайып есте сақтау септігін тигізді.
Қазыбек би – әділ қазы, біртұтас мемлекетті, заң шығарушылық қызметтің жанашыры, дарынды дипломат.
Қазақтардың бір орталыққа бағынған мемлекетке бірігуінің белсенді жақтаушысы ретінде Қазыбек бидің тарихи рөлі зор.
Ол руаралық текетірестерді еңсеруге, сонымен қатар көршілес халықтармен тату-тәтті қарым-қатынасқа шақырудан жалықпаған.Сонымен бірге ол мемлекет өзінің егемендігі мен территориясын берік қорғауы керек деп есептеді.
Бабалар қызметін еске алу олардың шығу тегін тануға көмектеседі, халқымыздың қоғамдық санасының қалыптасуына әсер етеді.
23 жылғы 12 маусым- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ