«Алтын сақа» математикалық олимпиадасы

14.10.2026

Мектептің жұмыс жоспары мен пәндік олимпиада кестесіне сәйкес 9 қазан күні «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік бірінші кезеңі өтті.
Олимпиадаға математикаға қызығушылық танытқан, күрделі есептерді шығара алатын 5-6 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиаданың мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, логикалық және шығармашылық ойлауын дамыту, математикаға қызығушылығын арттыру.

Олимпиада тапсырмалары білім мен оны стандартты емес жағдайларда қолдану қабілетін тексеруге, сондай-ақ аналитикалық және сыни ойлауды дамытуға арналған әр түрлі қиындық деңгейіндегі есептер болды.

Просмотров: 288


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу