«Біз әртүрліміз — және бұл біздің күшіміз!»

21.10.2025

«Біз әртүрліміз — және бұл біздің күшіміз!» атты іс-шара
Мектеп кітапханасында аудандық кітапханамен бірлесе отырып «Біз әртүрліміз — және бұл біздің күшіміз!» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара 18 қазан — Рухани келісім күніне арналды. Іс-шараға 7 «Б» сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар рухани келісімнің, бейбітшілік пен өзара құрметтің маңызын талқылады.
Олар толеранттылық пен рухани келісімнің құндылығын түсініп, өзге мәдениет пен көзқарастағы адамдарға деген құрмет деңгейін арттырды.
Сондай-ақ, аудандық кітапхана қызметкерлері Рухани келісім күніне арналған ақпараттық парақшалар таратты.

Просмотров: 2496


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу